Hansa жаңа технологиялармен бірге экологиялық шешімдерді қолдана отырып, қоршаған ортаға қамқорлық жасайды. Сондықтан барлық асүйлердің, тұмшашкафтар мен плиталардың А энергия тұтыну класы бар. Энергия тұтынудың ең жоғары класы А электр үшін ең төмен шоттарға кепілдік береді.
Тұмшашкафтың астында орналасқан жәшікте аунақшалар бар, соның арқасында оны жылжыту оңай. Бұл ыдысты, кастрөлді немесе табаны сақтау үшін тамаша орын.
Эмальданған қақпақ тозуға өте төзімді болып табылады. Ол қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.
Тұмшашкафтың есігінің ішкі жағындағы рецептер – бұл әрдайым қолыңызда болатын практикалық нұсқаулық. Бұл тағам, оны әзірлеу температурасы, тәсілі және уақыты туралы ақпарат.
Эмальданған жабынның аса жеңіл құрылымы арқасында күтім тез, оңай және тиімді жүзеге асырылады. Табаға 0,5 л су құйып, оны тұмшашкафқа қойып, температураны 50°C-қа, әдеттегі режимге, және уақытты 30 минутқа орнатып немесе су құйып, дисплейде «Clean» (Тазалау) функциясын белсендірсеңіз жеткілікті. Бу тұмшашкафтың қабырғаларындағы ластанған жерлерді сіңіргеннен және жұмсартқаннан кейін, оларды ылғалды шүберекпен немесе ысқышпен сүртуге болады, беті жылтыр және таза болады.