ДӘМДІ ҚУЫРУ ЖӘНЕ ПІСІРУГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ
Дәмі тіл үйіретін балкүлше пісіріп, шүйгін ет қуыру - нағыз өнер. Өз бабымен қуыру және пісіру құпиясы нақты бір температурада ғана жүзеге асады. Hansa пеші өзінің жаңа шешімдері арқылы сіздің жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге көмектеседі.
-
-
Барлық деңгейде ас пісіру
Қайта өңделген құрылым пештің барлық аймақтарына біркелкі ыстық бөледі. Енді біз біркелкі әрі мұқият жасалған бұйымның арқасында көп мөлшердегі тағамды бірден әзірлей аламыз. Пештің барлық аймағында температура бір қалыпты сақталады, сондықтан да біз асқан шеберлікті қажет ететін тағамдарды да еш алаңсыз әзірлей алатын боламыз. (Тіпті, суфле болса да).
-
-
3 минутта алдын ала қыздыру
Сіз үнемі асығып жүресіз, және сіздің үнемі уақытыңыз жоқ па? Бұл қызмет түрі пешті керек температураға тез қыздырады. Пеш ішіндегі температура 150°C- қа бар болғаны 3 минутта жетеді! Пешке бір нәрсе салғанға дейін бірнеше уақыт бұрын қосып қоюға да болады. Соның арқасында біз астың дәл уақытында пісетініне сенімді бола аламыз!
-
-
XXL сыйымдылық
Бұл 77 литрлік тұмшапештің арқасында біз 100-ден астам маффинді бір уақытта пісіре аламыз! Сондай-ақ бір уақытта бірнеше деңгейде жеміс пен саңырау құлақты кептіріп, қуырып немесе пісіре аламыз.
* Кеңдігі 60 сантиментрлік жақтау тірегі бар үлгісінде бар.
-
-
Температура ауқымы өте кең 30°C-280°C
Ас әзірлеудегі әмбе-бап нұсқаулықтың бағасы өте құнды. Сол үшін де біз тағамды тез пісіру үшін және әртүрлі тағамдар әзірлеу үшін кең ауқымды температура ұсынамыз. 30 ° С - ашытқының мінсіз көтерілуі үшін ең қолайлы температура. 40-50cc - етті жібіту үшін өте қолайлы. 200 ° С температурада қабатталған қамырды тез пісіре аласыз, ал, өзіңіздің жақсы көретін пиццаңызды 280 ° С температурада пісіре аласыз. Қолайлылығымен рақаттаныңыз!
-
-
Әртүрлі пісіру деңгейлері
Тұмшапештің алты деңгейі бізге әр деңгейде бір уақытта қуырып, пісіріп, және жемістер мен саңырау құлақтарды кептіруге мүмкіндік береді.